«Ең оқуға құштар топ»

2022 жылдың 14 ақпанында Өскемен экономика — қаржы колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында кітапхана меңгерушісі М.Т. Сеитова және 21 ЭБ-21к тобы оқудың құндылығы, маңызы туралы түсінік қалыптастыру, оқырман белсенділігін ынталандыру, оқу әрекетіне қызығушылық туғызу, танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында «Ең оқуға құштар топ» сайысын өткізді.
Сайыс келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1. «Кітап оқу — ең жақсы тәлім»
2. «Мақал — сөздің мәйегі»
3. Кітап оқу — сәнді
4. Оқуға құштар адам бұл…
Шара қызықты әрі танымды өткізілді: балалар өздерінің білімдерін, білгірліктерін және көп оқығандықтарын көрсетті. Сайыс соңында білім алушылар «Кітап оқудың пайдасы» кітапханалық квилт –ақпараттық қабырғаны толтырды: кітап оқудың пайдасы туралы ойларын жазып, өздерінің құрбы-құрдастарына осы саладағы тілек-ниеттерін қалдырды. Шара соңында үздіктерді грамотамен марапатталды.

Поделиться: