18.05.22 ж.Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттерімен Өскемен қ. Үлбі ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері: полиция майоры Д. П. Каипова және полиция капитаны А. Б. Беркінбаев «Қылмыс, қылмыс ұғымы, қылмыс түрлері, алаяқтық, интернет-алаяқтық. Маргиналды жастар», «Велосипед ұрлығының алдын алу» тақырыптарына профилактикалық әңгімелер өткізді.

Полиция қызметкерлері қашықтықтан жүргізілетін алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың әрекеттерінен өзіңізді қалай қорғау керектігі, карта нөмірін, парольдерді және басқа да ақпараттарды атауға болмайтындығы туралы түсіндіріп өтті.

Полиция қызметкерлеріне егер адам әлі де алаяқтардың айла-амалына тап болса, қалай әрекет ету керектігі туралы сұрақтар қойылды, сондай-ақ іс-шараға қатысушылар өздерінің жағдайлары туралы айтты.

Әңгіме соңында балаларға Үлбі ПБ телефоны жайлы еске түсірді.

Студенттер қырағы болуға және алынған ақпаратты өз туыстарымен және жақындарымен бөлісуге уәде берді.

Поделиться: