Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтарға арнаған сөзінде еліміздің көптеген өңірлеріндегі көктемгі су тасқыны жағдайының ауырлығын атап өтті. Біз үшін қиын сәтте, халықтың тұтастығы мен бірлігі бұрынғыдан да маңызды, дәл осы жерде қоғам тарапынан ынтымақтастық пен көмектің шынайы күші көрінеді.
Бүгінде әрқайсымыз зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге міндеттіміз.
Өскемен экономика және қаржы колледжінің оқытушылары мен студенттері Ел Президентінің үндеуін қолдайды және зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге дайын. Осы қиын күндерде біз бірігіп, біртұтас болуымыз керек. Бұл біздің табиғи апатқа қарсы күшіміз.