«Тәуелсіздік-бабалар арманы» танымдық кеш

19 желтоқсан күні Өскемен экономика және қаржы колледжінде «Тәуелсіздік күніне» орай «Тәуелсіздік-бабалардың арманы» атты танымдық кеш өткізілді. Шара Тәуелсіздікке жету жолындағы бабалардың жүріп өткен ауыр да азапты жолын бейнелеу арқылы білім алушылардың өз елінің тарихына деген  құрметтерін арттырып, патриоттық рухтарын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған. Кеш барысында қатысушылар сонау «Ақтабан шұбырындыдан» бастап 86-ның «Желтоқсан оқиғасына» дейінгі ел басына туған нәубет жылдардан сыр шерте отырып, қазіргі егемен еліміздің бейбіт күндерін бағалай білуге шақырды.  Жалынды жырлар, әуезді әндер мен билер, мазмұнды баяндаулар кеш мазмұнын аша түсті. Шара тиісті деңгейде өтті.

Поделиться: