ӨЭжҚК студенттерін қабылдау

14.11.2022 ж. Өскемен экономика және қаржы колледжінде Халықаралық студенттер күніне орай студенттерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Студент қатарына қабылдану әр студенттің өміріндегі ең жарқын және ұмытылмас кезең ретінде есте сақталады және әрбір бірінші курс студенті оны жүрек лүпілімен күтеді.

Жастар ісі бойынша комитет жетекшісі Талғатұлы Аазамат бастаған жастар Комитет мүшелері балалар үшін мерекелік концерт, сайыстар, тапсырмалар мен эстафеталар ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара қызықты да көңілді болып өтті.

Балаларға сәттілік пен барлық бастамаларға табыс тілейміз!

Поделиться: