ӨЭжҚК студенттеріне патриоттық тәрбие беру

         5 мамыр Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Өскемен экономика және қаржы колледжінде мерекелік концерт өтті.

         Концерттік бағдарлама құттықтаулардан басталды. Содан кейін балалар соғыс жылдарындағы, ең қиын және ауыр уақытта ұрыс даласында сарбаздарға жігер беріп, қолдау көрсеткен, тылда жұмыс істейтін әйелдерге, аналарға және балаларға үміт берген, әйгілі әндермен өнер көрсетті. Жиналғандар сарбаздардың батырлығы туралы өлеңдер тыңдап, колледж студенттері дайындаған билерді тамашалады.

         Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға концерт өткізгені үшін рахмет!!!

Поделиться: