«Менің сүйікті кітабым»

       «Оқуға құштар колледж» жобасы барысында, Өскемен экономика-қаржы колледжінің  студенттері мен оқытушылары арасында «Менің сүйікті кітабым» атты акция өткізілді. Акцияның басты мақсаты жастарды кітап оқуға тарту болды.

Акция барысында біздің студенттер мен оқытушылардың әдеби талғамдарының қаншалықты әртүрлі, бірақ оларда кітап оқуға деген қызығушылық біріктіретіні байқалды. Оқырмандардың сүйікті кітаптарының қатарына, мысалы Джон Кехоның «Может Все!», Виктор Каганның «Искусство жить», Оралхан Бөкейдің «Қар қызы», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» атты туындылары және көптеген басқа отандық авторлар мен  шетел әдебиетінің шығармалары таңдалды.

              Акция қорытындысы бойынша біздің оқырмандарымыздың ең сүйікті, оқылған және бірнеше мәрте оқыған кітаптарынан кітап көрмесі безендірілді.

                                 Акцияға қатысқандардың барлығына алғыс білдіреміз!  

 

Поделиться: