«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.

2022 жылдың 9 қыркүйегінде Өскемен экономика және қаржы колледжінің оқытушылары  Сеитова Меруерт Төлеубайқызы, Бакешова Әсем Канатбековна, Төлеухан Аманбол Шығыс Қазақстан облысы бойынша археологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындысы нәтижесінде «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның басты мақсаты – халықаралық ғылыми қауымдастық пен қалың жұртшылықты аймақтың археологиялық әлеуметімен таныстыру.

Конференцияда Қазақстанның жетекші археологтары профессор З. Самашев және тарих ғылымының докторы, профессор Ә.Т.Төлеубаев археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берді. Философия докторы, Кембридж университетінің Фитцуильяма  мұражайы директорының орынбасары Спенсер Нил (Ұлыбритания), философия докторы, Едитобе университетінің профессоры Ташагыл Ахмет (Турция) баяндама жасады.

Сонымен қатар, конференция қонақтарына Ресей мен Ұлыбритания мұражайларында көрсетілген «Ұлы Дала алтыны» атты бірегей көрмесін тамашалау мүмкіндігі ұсынылды.

Поделиться: