Өскемен экономика және қаржы колледжі Василий Константинович Штильке атындағы Барнаул мемлекеттік педагогикалық колледжімен және Воронеж сән және дизайн техникумымен өзара ынтымақтастық туралы шарт жасасты.
Ынтымақтастықтың мақсаты үздік тәжірибелер базасын пайдалану есебінен оқу бағдарламаларын байыту, студенттерді халықаралық стандарттарға дайындау, студенттер мен оқытушылар арасында мәдениетаралық байланысты нығайту және халықаралық аренада оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.