«Махаббат пен сана»

Өскемен экономика және қаржы колледжінің 20 БР-21к тобының студенттері жерлес заңғар жазушымыз Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойына орай, Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған, «Махаббат пен сана» тақырыбындағы шараға қатысты. Шара автордың «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасының желісі бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттерінің «Шабыт» жастар театрының қойылымы желісінде өткізілді. Біздің студенттер кітапты талқылауға және осы тақырып бойынша өз ойларын білдіруге белсенді түрде ат салысты.  Ғұмыр бойы берекесін бұзбай, ынтымағы жарасқан қос ғашықтың махаббаты кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық әдемі шығарма кітап болып жатталып жатыр. Халыққа өлмес туындылар сыйлаған жазушының мол мұрасы халық жадында мәңгілік қалары сөзсіз.

Поделиться: