«Ең үздік сайт» сайысы

2023 жылғы 22 қарашада Өскемен экономика және қаржы колледжінде оқытушы Н.Т. Ақбаеваның ұйымдастыруымен, «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3-4 курс студенттері арасында веб-бағдарламалау бойынша «Ең үздік сайт» сайысы  өтті.

Байқаудың мақсаты-жасөспірімдер мен жастарды қоғамның белсенді өміріне тарту, олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін көрсетуде тең мүмкіндіктер беру. Жұмыс барысында студенттер HTML, CSS тілдерінде, алгоритмдеу, веб-бағдарламалау, бұлтты технологиялар және веб-бағдарламалау пәндерінен алған білімдерін пайдаланды. Веб-бағдарламалаудағы жетістіктер колледж студенттеріне «веб-дизайнер» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills» кәсіби шеберлік байқауына дайындалуға, сондай-ақ түлектерге әрі қарай жұмысқа орналасуына көмектеседі. Байқау колледж студенттері арасында патриотизмді, гуманизмді, өзара көмекті, достық пен өзара түсіністікті, сүйіспеншілікті, сұлулықты, біздің өміріміздегі барлық тіршілік иелеріне ұқыпты қарауды насихаттайды.

Поделиться: