Колледж студенттерінің халықаралық конференциядағы жетістіктері

 

Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері Беларусь Республикасының Борисов мемлекеттік политехникалық колледжі ұйымдастырған «Зерттеу. Жоба. Ізденіс» атты ХХІ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Бұл конференция ғылыми идеялармен алмасу, заманауи өзекті мәселелерді талқылау және студенттердің зерттеу әлеуетін көрсету алаңына айналды. Біздің қатысушылар әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тақырыптарда жобалар ұсынып, жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетті.

Конференция қорытындысы бойынша келесі студенттер дипломдар мен сертификаттармен марапатталды:

 

  1. Боровикова Кристина Викторовна— «Мемлекеттік тіл – ұлт негізі»
    Жетекшісі: Ауеспаева Анар Аскаповна
    ➤ І дәрежелі диплом

 

  1. Купенова Бэлла Махамбетқызы— «Жастардың қаржылық сауаттылығы»
    Жетекшісі: Тлеулесова Гулим Жамаладиновна
    ➤ «Тақырыпты кәсіби ашу» номинациясы бойынша диплом

 

  1. Куликова Анастасия Сергеевна— «Жұмыссыздық және оны азайту жолдары»
    Жетекшісі: Клиновицкая Татьяна Григорьевна
    ➤ «Зерттеу өзектілігі» номинациясы бойынша диплом

 

  1. Пазак Надежда Сергеевна— «Атмосфераның ластануы және оны азайту жолдары»
    Жетекшісі: Абитова Зарина Айдарбекқызы
    ➤ «Мәселені терең зерттеу» номинациясы бойынша диплом

 

  1. Литвинов Ярослав Вячеславович— «Өндірісте жасанды интеллектіні қолдану»
    Жетекшісі: Акбаева Назгул Турысбекқызы
    ➤ Қатысушы сертификаты

 

Студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!

Поделиться: