Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

        Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран — бұл халықты біріктіретін, елді бейнелейтін, азаматтардың өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тудыратын ресми атрибуттар.

        Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қарсаңында қоғамдық пәндер оқытушылары колледж студенттерімен салтанатты іс-шара өткізді. Оқушыларға осы мерекенің тарихы, оны өткізу дәстүрлері туралы ақпарат берілді. Мұндай іс-шаралар еліміздің патриоты мен азаматын қалыптастырудағы маңызды кезең болып табылады.

Поделиться: