Буккросинг

Колледжімізде «Буккроссинг» немесе кітап айналымы акциясы басталды.

Буккроссинг дегеніміз не? Бұл әлеуметтік желілер принципі бойынша жұмыс істейтін және флешмобқа жақын хобби және әлеуметтік қозғалыс. Кітапты оқыған адам басқа кездейсоқ адам осы кітапты тауып оқуы үшін оны қоғамдық орында қалдырады; ол, өз кезегінде, сол әрекетті қайталауы керек.

Буккроссингтің басты қағидасы: «Оқы — басқаға бер!».

Ұраны: «Бүкіл әлемді кітапханаға айналдырайық!».

Біздің ережелеріміз қарапайым:

— Өзіңізге ұнайтын кез келген кітапты алыңыз.

— Біздің сөрелерімізде кітапханада тіркелмеген кітаптар бар, сондықтан оларды мәңгілікке алып кетпеңіздер: оқыңыз — басқа біреуге қалдырыңыз немесе орнына кітабыңызды әкеліңіз.

— «Кітаптың өмір сүру ұзақтығы қысқа, сондықтан оны абайлап ұстаңыз.

— Сіздің сүйікті кітабыңыз сөреде жоқ болса, онда оны өзіңіз қосыңыз.

Баршаңызды кітап айналымына қатысуға шақырамыз!

Поделиться: