1993 жылдың 15 қарашасынан бері еліміз «Ұлттық валюта күнін» тойлатып келеді. Егемендігіміздің айрықша белгілерінің бірі — теңгенің елімізде айналымға шыққанына биыл 30 жыл толды. Ақша бірлігінің енгізілуі Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономикалық және ақша-несиелік саясатты жүргізуге мүмкіндік берді. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты-ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету болып табылады.
«Білікті маман-заман талабы» атты жалпыкәсіптік және арнайы пәндердің онкүндігі аясында экономикалық пәндердің оқытушысы Т.Г.Клиновицкаяның дайындауымен «Ұлттық валюта күні» атты музыкалық-танымдық кеш өтті. Жауапты топ 23 ЭБп-31 Р.