02.03.2022ж. Өскемен экономика және қаржы колледжінің қызметкерлері үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша желілік кесте шеңберінде мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу бойынша оқыту онлайн-семинарын өткізді.

Мамандар порталдың бөлімдері мен танымал қызметтерін таныстырды «egov.kz» онлайн режимінде қандай да бір анықтаманы қалай алуға болатынын түсіндірді, порталда тіркелу және электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу рәсімін түсіндірді, eGov mobile, Telegram-bot, @EgovKzBot, Facebook және ВКонтакте сервистері арқылы электрондық мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігімен таныстырды, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Поделиться: