Өндірістік тәжірибе: бухгалтер мансабына алғашқы қадам
Өскемен экономика және техника колледжінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алатын студенттері еліміздің жетекші компанияларында тәжірибеден өтіп, кәсіби дағдыларын жетілдіруде. Биыл олар өндірістік тәжірибеден «Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ-да өтуде.
Тәжірибе студенттерге кәсіби ортаға енуге, бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық талдау және аудит ерекшеліктерімен нақты жағдайларда танысуға мүмкіндік береді. Болашақ мамандар қаржылық құжаттармен жұмыс істеп, ішкі бақылау жүйелерін зерттеп, заманауи экономикалық талдау әдістерін меңгереді.
«Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ-дағы тағылымдама студенттерге колледжде алған теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, есеп және аудит саласында табысты мансапқа қол жеткізу үшін маңызды кәсіби дағдыларды игеруге көмектеседі.