«Жаңа Қазақстанға бір қадам»

29.10.2022 ж. Өскемен экономика және қаржы колледжінің «Алау» пікірсайыс клубының мүшелері клуб жетекшісі А. А. Ауеспаевамен бірге, колледж студенттері үшін жастардың шешендік мәдениетін, толеранттылығын дамыту, пікірсайыс арқылы құқықтық сауаттылықты насихаттау және қоғамның маңызды мәселелеріне өз көзқарастарымен шешім шығару мақсатында ұйымдастырылған «Жаңа Қазақстанға бір қадам» атты облыстық семинар-тренингке қатысты.

Тренингтер мен пікірталастар үш алаңда өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттар мен алғыс хаттар алды.

Поделиться: