Ата-аналармен онлайн режимінде кездесу

6 сәуірде Өскемен экономика және қаржы колледжінде өзекті және әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарға коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттілігі туралы ескертілді. Көктемгі сақтық шараларымен таныстырылды. Жадынамалар мен ұсыныстар тараттық. Сабаққа қатысу және оқу үлгерімі мәселелерін де талқыладық. Ата-аналардың балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігін еске түсірдік. Туындаған сұрақтарға жауап бердік. Кездесу соңында ата-аналар колледж әкімшілігіне қажетті және толық ақпарат үшін алғыс білдірді.

 

Поделиться: