Өнерлі қол – бақытқа жол!

Ақпанның 4-і күні Өскемен экономика және қаржы колледжінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына байланысты «Өнерлі қол – бақытқа жол!» атты көрме өткізілді. Көрмені колледждің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ауеспаева Анар Аскаповна студенттермен бірге ұйымдастырды. Әр топтың студенттері өздерінің қолдарынан жасаған шығармашылық жұмыстарын әкеліп, белсене қатысты. Олар жумыстарында: ағаштан сандықша, қазан, қағаздан  гүл шоқтарын, тоқыма жіптен білезіктер тоқып, моншақтардан ыдыс – аяқ тоқып, Абай өлеңдеріне суреттер салып, қарындашпен ақынның портретін жасап, барлығымызды таң қалдырды. 3 курс студенті Қамбар Айназ ақынның портретін жасап, 1 орынға ие болды. 2 курс студенті Гусева Владислава «Абай Құнанбаев» атты орыс тілінде өлеңін жазып, 2 орынға ие болды. 1 курс студенті Ерсінқызы Мөлдір «Табиғат байлығы» атты суретін жасап, 3 орынға ие болды. Имагожева Диана, Макарова Анастасия, Карибова Элина жақсы плакаттар әзірледі. Имашева Айгерим мен Рябищенко Софья қағаздан гүл шоқтарын түр – түрін жасап көрсетті. Абдыров Кемал, Сәйпонов Дарын ағаштан жасаған қолөнерлерін көрсетті. Асетова Еркежан топ студенттерімен бірге Жидебайда болған фото – суреттерден буклет жасап әкелді. Студенттердің жұмыстарын көрермендер қызықтады.

Поделиться: