ӨЭжҚК студенттері — сайлауалды кездесуге қатысушылар

27 қазанда президенттік сайлау қарсаңында Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері жас ұрпақты белсенді қоғамдық ұстанымға шақыру және жаңа Қазақстанның дамуына үлес қосу мақсатында қала жастары үшін өткізілетін сайлау алдындағы кездесуге қатысты. Іс-шараның спикерлері Өскемен қаласының «Аманат» партиясының хатшысы Арайлым Есімбекова, облыстық жастар ресурстық орталығы директорының м.а. Данияр Жүнісов және Amanzholov University Басқарма Төрағасы-ректоры Мұхтар Төлеген болды.

Кездесуге қатысушылар жастар үшін билік өкілдері ұсынған мемлекеттік бағдарламаларды талқылады. Облыстық жастар ресурстық орталығы директорының м.а. Данияр Жүнісов ҚР қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы жоспарлары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 

Поделиться: