ЭҚК-нің студенттері – «Жақсылық жаса!» акциясының қатысушылары.

Балаларды қорғау күні қарсаңында, Жастар жылы аясында, Өскемен қаласы ЭҚК-нің еріктілері «Жақсылық жаса!» қалалық акциясына қатысты.».  Іс-шара «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін ұйымдастырылды.

Студенттер интеллектуалды ойын өткізіп, колледж туралы айтып, әңгімелесті. Ойын жеңімпаздарына сертификаттар берілді.  Соңында балаларды тәтті-дәмділер ұсынылды, келе жатқан мереке — Балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Поделиться: