ӨЭжҚК-і студенті – «30: Open to new» республикалық дебат марафонының төрешісі

2021 жылдың 14 қарашасында «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенті Мұратқанова Аружан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30:Жаңаға ашық» республикалық дебат марафонына төреші болып қатысты. Бұл шара Өскемен, Семей, Павлодар қалаларынан өздерінің жоғары оқу орындарының атынан қатысқан үздік пікірсайысшылардың басын қосты.

Пікірсайыс марафоны «30:Жаңаға ашық» еліміздің барлық аймақтарында өтіп, Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында аяқталады.

Аружанды осындай маңызды іс-шарада төреші болуымен құттықтаймыз!

Поделиться: