Әлеуметтік серіктестер: Еуразиялық банк ЭҚК-інде қонақта!

6 маусымда Өскемен экономика және қаржы колледжінде «Менеджмент», «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандығының түлектерінің Еуразиялық банк өкілдерімен кездесуі өтті.

Колледж қонақтары студенттерді банкте қаржы кеңесшісі лауазымына шақырды және Еуразиялық банкте жұмыс істеу перспективалары мен мансаптық өсу мүмкіндіктері, дамыған корпоративтік мәдениет және Банктің тату ұжымы туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша студенттер әңгімелесуге шақырылды!

Өскемен экономика және қаржы колледжінің көптеген түлектері Еуразиялық банк филиалдарында тәжірибеден өтіп, содан кейін осы банкке жұмысқа орналасады, өз ісінің мамандары ретінде дамып және мансаптық сатымен көтеріледі.

Поделиться: