Құқық бұзушылықтың алдын алудағы отбасының рөлі

18 ақпанда Өскемен экономика және қаржы колледжінде «Құқық бұзушылықтың алдын алудағы отбасының рөлі» тақырыбында онлайн режимінде ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналар жиналысына ЖПҚ ПББ бастығының орынбасары полиция майоры Оспанов Әлиқожа Ихрамқожинұлы шақырылып, кәмелетке толмағандардың ішімдік пен есірткіні пайдалануының, темекі мен электронды темекі шегуінің қауіптілігін, кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақытта көшелерде және қоғамдық орындарда заңды өкілдердің еріп жүруінсіз жүруге жол берілмейтінін еске салды. Жолдарда дұрыс жүріс-тұрыс, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу туралы да айтылды. Кездесу барысында ата-аналарға баламен жиі сөйлесіп, олардың қызығушылықтары жайлы, сабақтан тыс уақыттары, достарының ортасындағы ара қатынастары туралы мәселелері мен толғандыратын сауалдар айтылды.

Колледж психологы Р.Б.Төлегенова жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мәселелері жөнінде сұрақтар қарастырылды.

Колледж әкімшілігі мен ұстаздар ұжымы сіздерге, құрметті ата-аналар, бірлік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді!

Сіздерге зор денсаулық тілейді!

 

Поделиться: