Онлайн-форматтағы ата-аналар жиналысы

2021 жылы 28 мамырда Өскемен экономика және қаржы колледжінде онлайн — форматта топтық ата-аналар жиналысы өтті, онда өзекті мәселелер атап көрсетілді. Қаланың әлеуметтік-психологиялық қызметінің педагог-психологы Анара Алтайқызы Челнокова суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша ұсыныстар жасады. Сондай-ақ, отырыста терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселесі қаралды, ол бойынша терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Анна Григорьевна Павкина толық ақпарат берді. Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік, коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажеттілігі туралы ескертіліп, балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі ережелері бойынша ұсыныстар берілді.

Колледж әкімшілігі мен оқытушылар ұжымы сіздерге, құрметті ата-аналар, бірлік пен ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді!

Сізге зор денсаулық және оқуда сәттілік тілейміз!

Поделиться: