Наурыз мейрамы

14 наурыздан бастап Өскемен экономика және қаржы колледжінде тұжырымдамаға сәйкес дәстүрлі Наурыз мейрамы өтуде.

Колледжде келесі іс – шаралар өткізілді: «Көктем шуағы Наурыз!» кітап көрмесі; «Ұлттық киім күні»; викторина-ойыны «Халық дәстүрі-алтын бесік»; «Наурыз — көктем мейрамы!»; «Наурыз – жарық пен жақсылық мерекесі» ұлттық тағамдар жәрмеңкесі; «Шебер қолдар» қолөнер жәрмеңкесі. Сондай-ақ колледжде әндер шырқалды, балалар қазақ халық аспаптарында ойнады, би биледі, ұлттық ойындарда жарысты. Атмосфера мерекелік және жылы болды. Бір-біріне құттықтау сөздері мен бақыт, қуаныш, жақсылық және молшылық тілектерін тіледі.

Наурыз мерекесіне орайластырылған «Таза табиғат» республикалық акциясы аясында ағаш отырғызу және сенбіліктер жылдың жылы мезгіліне жоспарланған.

Баршаңызды көктем және жаңару мерекесі-Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Сіздерге бейбітшілік, жақсылық, молшылық және мықты денсаулық тілейміз!

Поделиться: