Біздің табысты түлегіміз!

Тахмина Увазырова, «Қаржы» мамандығы бойынша Өскемен экономика және қаржы колледжінің түлегі. 2018 жылы колледжді бітіріп шыққаннан кейін, EURASIAN BANK – інде қаржы кеңесшісі қызметін табысты атқаруда.

Банк басшылығының пікірі бойынша, Тахмина өзін жауапкершілігі мол, жоғары нәтижелі, білікті манан ретінде көрсете білді. Тахмина – желі дүкендерімен PayDa бөліп төлеу карталарын сату бойынша көшбасшы. Ол өзінің бос уақытын өзін-өзі дамытуға арнайды және көптеген хоббилері де бар.

Наурыз мейрамы қарсанында «Мисс Өскемен — 2019» байқауының жеңімпазы атанып, «Мисс Қазақстан – 2019» байқауына жолдама алды. Жарайсың, Тахмина, құттықтаймыз! Біз сені мақтан тұтамыз! Саған табыс және жаңа жеңіс тілейміз!

Поделиться: