Біздің мақтанышымыз: World Skills Shygys 2019 жеңімпаздары!

2019 жылдың 13-17 мамыр аралығында 18-20 жас аралығындағы студенттер мен жұмыс істейтін жастар арасында World Skills Shygys кәсіби шеберлігінің IV Аймақтық чемпионаты өтті.

Өскемен ЭҚК-нің студенттері бұл байқауға белсене қатысып, жоғары білікті мамандар мен кәсіпқойлар ретінде өздерін көрсете ала отырып, жүлделі орындарға ие болды.

1-ші орынды «Дизельді қозғалтқыштарға қызмет көрсету және жөндеу» құзыреттілігі бойынша 2 курс студенті Колесников Александр (жетекшісі Қиноятов Дәулет Русланұлы) иеленді.

2-ші орынды «Сандық бағдарлама арқылы басқарылатын станоктардағы токарлық жұмыстар» номинациясы бойынша Серіков Нұрғазы, (жетекшісі Сембина Шырайлым Кайратовна) иеленді.

3-ші орынды «Веб дизайн» құзыреттілігі бойынша 3 курс студенті Ткачманова Евгения (жетекшісі Хомова Татьяна Маратовна) иеленді.

3-ші орынды «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша 3 курс студенттері Косенко Павел және Баженов Михаил, (жетекшісі Крюкова Нина Аверьяновна) иеленді.

Біздің жеңімпаздарымызды және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!

Поделиться: