Халықаралық ынтымақтастық: Кэти Хайд ағылшын тілі практикасымен

2019 жылдың 15 сәуірінде Өскемен экономика және қаржы колледжі ҚАЕУ –мен халықаралық серіктестік аясында АҚШ-тан, Орегон штаты, Портлан қаласынан келген ағылшын тілі пәнінің оқытушысы — Кэти Хайдпен сабақ өткізді. Кэти түрлі курста және мамандықта оқитын студенттер үшін қызықты сабақ өткізді, студенттер Орегон штаты және өлке табиғаты мен көрікті жерлері туралы білді. Кэти студенттермен олардың ағылшын деңгейін жақсарту үшін түрлі ойындар ойнады. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті, студенттер Кэтимен қуана қарым-қатынас жасады.

Поделиться: