Өрт қауіпсіздігі шаралары.

2019 жылы 30 мамырда Өскемен экономика және қаржы колледжінде студенттерге және өртке қарсы қауіпсіздік қызметкерлеріне түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізілді. Іс-шараларды өткізу барысында келесі сұрақтар қарастырылды: өрттің негізгі себептері, отпен күресудің қарапайым дағдылары, өрт шыққан жағдайда дұрыс әрекет ете білу.

Өртке қарсы қауіпсіздік бойынша жұмысты ұйымдастыру, оқушылардың санасына басты ойды жеткізуге көмектеседі – өмір тіршілігінің жеке қауіпсіздік негіздерін үйрену қалай маңызды, өрт қауіпсіздігі мәселесіне қаншалықты байыпты қарау керек екенің үйретеді.

Поделиться: