«Кітапханаға кітап сыйла – Подари в библиотеку книги»

Сыйлық алу әрқашан жақсы, ал кез келген кітапхана үшін ең жақсы сыйлық, әрине, кітаптар. Сонымен, осы оқу жылында колледж кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла – Подари в библиотеку книги» акциясы өткізілді.

Кітапханамыздың оқытушылары мен студенттері тарапынан кітаптар сыйға тартылып, олардың көмегімен кітапхана қоры 28 кітаппен толықты. Акцияға қатысқан барлықтарыңызға рахмет айтамыз!

Оқырмандар жүрегіне жол табатын пайдалы басылымдарды, кітапхана кез келген уақытта ризашылықпен қабылдайды.

Поделиться: