«Жол бойындағы әлеует» ХАКАТОНЫ

2022 жылғы 26 қазан айында «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенттері және арнайы пәндер оқытушысы Какимова Лаура Саматовнаның жетекшілігімен «Жол бойындағы әлеует» Хакатон конкурсына қатысты.

ХАКАТОН — бұл әр түрлі мамандар – әзірлеушілер, дизайнерлер, белсенді тұтынушылар, маркетологтар, менеджерлер — тапсырыс берушінің тапсырмасын шешу үшін белгілі бір уақыт ішінде бірлесіп жұмыс жасайтын іс-шара: жаңа өнім жасау немесе дайын өнімді жақсарту. Бұл іс – шараның негізгі міндеті — Өскемен – Риддер бағыты бойынша жол бойындағы әлеуетке жаңа көзқарас қалыптастыру.

Студенттерге проблемалық мәселелерді талқылау бойынша пікірталастарды және оларды еңсеру бойынша тиімді шешімдерді әзірлеудің шығармашылық әдістерін біріктіретін іс-шараның интерактивті форматы ұнады. Біздің студенттер 1 орынды иеленіп, 20 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификатын алды.

Студенттерімізді құттықтаймыз және оларға жоғары табыстар тілейміз!

Поделиться: