«Парасаттылық — Ұлы Абайдың мұрасы»

Өскемен қаласының экономика және қаржы колледжінің студенттері «парасаттылық сағаты» акциясына қатысты. Балалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік әзірлеген «Парасаттылық-Ұлы Абайдың мұрасы» тақырыбында онлайн – дәріс тыңдады.

Тақырып кездейсоқ таңдалмаған. Биыл Қазақстан Ұлы ойшыл және ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Абай философиясы біздің халқымыздың мәдениеті мен ұлттық бірегейлігінің ажырамас бөлігі болды. Абайдың терең ойлары біздің идеологиямыздың құрылуының негізіне жатады.

Абай Құнанбаев өскелең ұрпақты адал және парасатты, еңбекқор болуға, тұрақты дамуға, қайырымдылыққа ұмтылуға шақырған.

Поделиться: