1 қыркүйекте Өскемен экономика және қаржы колледжінде дәстүрлі түрде білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Колледж директоры Ерсайын Ахметуәлиұлы Нәбиев, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының өкілі Балауса Ерболаткызы Абышева және колледж әкімшілігінің мүшелері құттықтау сөз сөйледі. Студенттерге, оқытушыларға және ата-аналарға ең жақсы тілектері айтылды.
Оқушылар мерекелік бағдарлама дайындады — ән айтылды, би биледі, музыкалық аспапта күй ойнады.
Білім күні кураторлық сағатпен жалғасты.
Құрметті колледж студенттері мен педагогтары! Сіздерді оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық , шығармашылық жеңістер мен жетістіктер, өршіл мақсаттар және олардың
керемет көріністерін тілейміз!