Ашық есік күні тікелей эфирде

ШҚО білім басқармасы мен ШҚО кәсіптік білім беру орталығы талапкерлерге ШҚО колледждері туралы барынша пайдалы ақпарат беру мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысын онлайн режимге аударды. Осыған байланысты, 2020 жылдың 28 мамырында Өскемен экономика және қаржы колледжі Instagram тікелей эфирінде «Ашық есік күнін» өткізді, онда іс-шараға қатысушылар оқу орны туралы, оқудың артықшылықтары мен колледжге түсу шарттары туралы толық ақпарат алды.

Поделиться: