Ұлттық валюта күні

Өскемен экономика және қаржы колледжінде Ұлттық валюта күні аталып өтті. 2021 жылдың 15 қарашасында «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс студенттері арнайы пәндер оқытушысы-ғылыми қызметкері Жанар Дүйсенханқызы Умутбаеваның жетекшілігімен «Не сен ақшаны басқарасың, не олардың жоқтығы сені басқарады» атты қызықты интеллектуалды ойынға қатысты. 1-орынды №4 командасы (команда капитаны Шаймарданова Томирис, 20ЭБ-21к тобының студенті, команда мүшелері: Джакамбаева Назерке (20ЭБ-21к), Муратова Диана (20ЭБ-21к), Крючкова Карина (20БР-23р), Джанкулова Анжелика (20БР- 23р) иеленді.  Команда мүшелері ұлттық валюта туралы білімдерін және бухгалтердің кәсіби шеберлігін көрсетті.

Поделиться: