Баскетболдан колледж студенттері арасындағы Ұлттық спорт лигасында мықтылар анықталды!

2022 жылғы 16-18 мамыр аралығында ӨЭжҚК-нің қыздар құрама командасы колледж студенттері арасында Ұлттық спорт лигасының баскетбол жарысына қатысты.

Турнир Өскемен политехникалық колледжінің спортзалында өтті. Финалда біздің колледждің қыздар құрама командасы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің командасын 29-14 есебімен жеңіп, лига чемпионы атанды.

Біздің чемпиондарымызды құттықтаймыз: Ларионова Анжелика, Лялина Анастасия, Гаврилова Анастасия, Мальцева Елизавета, Мымбаева Мөлдір, Капустина Галина, Рысжанова Айсұлу!!!

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алексей Ивановичке команданы дайындағаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз!

Жарайсыңдар! Қыздарымызға болашақта оқуда және спортта табыс тілейміз!

Поделиться: