Біз «Сандық Қазақстанды» қолдаймыз!

Өскемен қаласының экономика және қаржы колледжінің 3 курс студенттері Шатурная Людмила Викторовнаның жетекшілігімен демалыс кезінде қалалық әкімдікте «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысты. Қатысушылар арасында Мартьянова Анастасия мен Киклевич Дарья ерекше атап өтілді және оларға Өскемен қаласының әкімі Омар Жақсылық Мұқашұлының атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Толығырақ

Жаңа 2020 жылыңызбен!

Біз Сізге және барлық әріптестерге, студенттерге, олардың отбасы мүшелері мен достарына бұл мереке қуаныш пен терең мағынаға толы болады деп үміттенеміз. Ең жақсы тілектер мен табысты жаңа жыл тілейміз!

Толығырақ

ЭҚК: сүйікті қаламызға көмек!

Қала әкімінің жастарға аулалар мен көшелерді қардан тазалауға белсенді қатысу керектігі туралы үндеуін Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері бұлжытпай орындауда. Өскемен экономика және қаржы колледжінің еріктілері негізгі қызметтен бос уақытында жыл бойы әр түрлі акциялар мен сенбіліктерге қатысып, жалғыз тұратын зейнеткерлерге, көп балалы аналарға және халықтың әлеуметтік жағынан осал […]

Толығырақ

Өскемен экономика және қаржы колледж студенттерінің «қайырымдылық акциясы» челленджіне қатысуы

ҚАЕУ студенттері Өскемен экономика және қаржы колледжінің волонтерлық топ студенттеріне «қайырымдылық акциясы» атты челленджге эстафетасын ұсынды. Челлендж қатысушылары Ұлы Отан соғысының ардагері Светочева Анастасия Павловнаның ауласын, үйдің шатырын қардан тазалауға көмек көрсетті. Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері челлендж эстафетасын алып, қарды тазалауға және жалғыз тұратын зейнеткерлерге, көп балалы аналарға […]

Толығырақ

Тарих біздің өткеніміз бен бүгініміз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Өскемен экономика және қаржы колледжінде «Тарих біздің өткеніміз бен бүгініміз!»атты зияткерлік ойыны өтті. Байқаудың мақсаты — білімді, жан-жақты дамыған, батыл, Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі мен қызметіне адал патриоттарды тәрбиелеу.

Толығырақ

Ұлы дала палитрасы

Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері Шығыс Қазақстан өнер мұражайында  «Ұлы дала палитрасы» халықаралық пленэрдің кітап-каталогының тұсаукесер кешіне барып қайтты. Бұл кеште студенттер мұражай коллекциясының ең қызықты экспонаттарын көрді. Іс-шара барысында әр түрлі байқаулар өткізіліп, біздің студенттер белсенді қатысып, марапаттарға ие болды.

Толығырақ

Өскемен экономика және қаржы колледж студенттерінің аймақтық байқауға қатысуы

Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері Строкатова Кристина, Акентьев Никита, Төлеуханов Елжан, Карибова Элина, Ерсінқызы Мөлдір және Швайковская Екатерина қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А. А. Ауеспаева жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің туған өлкем» атты аймақтық ғылыми-зерттеу жобалар байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Ерсінқызы Мөлдір 3 орынға […]

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні

Өскемен экономика және қаржы колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Колледждің акті залында колледждің атмосферасы салтанатты және патриоттық сезімге толы болды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — білім алушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, мақтаныш пен құрмет тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну және патриотизмді қалыптастыру болып табылады.

Толығырақ

Сіздерді шын жүректен келе жатқан мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт пен байлық, қиын да жауапты жұмысыңызда жемісті жетістіктер, шығармашылық табыстар, керемет жобалар мен жаңа идеялар тілейміз!

Толығырақ

«Алау – 2019» жастар форумы.

11 желтоқсанда Өскемен экономика және қаржы колледжінің белсенді студенттері «Алау-2019» жастар форумының қатысушылары болды. Форумның ашылуында қала әкімі Жақсылық Омар жастарға жаңа табыс, жалын ретінде жарқын әрі креативті болуды тіледі. Кетер жыл Қазақстанда «Жастар жылы» деп жарияланды. Сондықтан биыл жастардың, соның ішінде Өскемен экономика және қаржы колледж студенттерінің қатысуымен және […]

Толығырақ