Студенттердің ШҚО Қазақ драма театрына саяхаты

2020 жылы ақпанның 14-і күні Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері, қазақ тілі пәні оқытушысы Ауеспаева Анар Аскаповна, кәсіби пәндер оқытушысы Умутбаева Жанар Дүйсенхановналармен бірге, ШҚО Қазақ драма театрында болды. Олар Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына байланыстырып қойылған, Қ.Жұмабековтың «Замана неткен тар едің…» атты екі актілі драмасын тамашалады. Студенттер көріністен өте жақсы әсер алып қайтты.

Поделиться: