1 наурыз-Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні!

2019 жылы 1 наурызда Өскемен экономика және қаржы колледжінде Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар өтті.

Іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Лискова М.А., Өскемен қаласы ТЖБ АҚБ бастығы капитан Литвиненко В.С., ШҚО «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының нұсқаушысы Нифантова Н.А. қатысты.

Колледж ғимаратында ТЖБ қызметкерлерінің басшылығымен студенттер мен оқытушылармен оқу-жаттығу өткізілді.
Колледж ғимаратынан шартты өрт (жер сілкінісі) бойынша эвакуацияның тәжірибелік сынағы өткізілді.

Студенттер, оқытушылар, колледж қызметкерлері қойылған міндеттерді айқын орындады.
ТЖБ қызметкерлері студенттермен «Қаншалықты аман қалу», «Үлкен өрт» тәрбие фильмдерін көрсету арқылы төтенше жағдайлардағы тәртіп ережелері туралы әңгімелесті.

Балалар сұрақтарға белсенді жауап беріп, жер сілкінісі кезінде өмірді құтқарудың практикалық дағдыларын көрсетті. Белсенді студенттерге естелік сыйлықтар берілді.

Поделиться: